Халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады
Күдіктіні ұстағандар – Жамбыл облысының ПД-нің патрульдік полиция қызметкерлері, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Іздеуде жүрген көлікке ұқсайтын «Audi» автокөлігі Алматы-Ташкент жолының 219-шақырымы тұсында тоқтатылған.
«Тексеру барысында көліктің артқы орындығында отырған 44 жастағы ер адамның көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталды», делінген «Polisia.kz» таратқан ақпаратта.
Күдікті Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, кейіннен Қырғызстанның милиция өкілдеріне ресми тәртіппен тапсырылған.