Үкіметте Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

0 116

Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенконы қабылдап, келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Әңгіме барысында тараптар цифрландыру, инновация, спорт, туризм және білім салаларындағы өзара іс-қимылға баса мән берген. Кездесу қатысушылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің тұрақты байланысы екі ел арасындағы экономикалық әрі мәдени-гуманитарлық серіктестіктің дамуына серпін беріп отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы жартысында екіжақты тауар айналымы $12 млрд-қа жеткен. Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес, бұл көрсеткішті $30 млрд-қа дейін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.

Сапар барысында Дмитрий Чернышенко Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, сондай-ақ ММУ мен ММХҚИ-дың Қазақстандағы филиалдарын аралап, олардың қызметімен танысады.