Көршілес елмен арадағы одақтастық қатынастар жөніндегі ҚР Заңына қол қойылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.