Қостанайда алып сәби дүниеге келді
Қостанай қаласының перинаталдық орталығында салмағы жеті келіге жуық, бойы 60 сантиметрден асатын ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жаңа туған сәбиге ата-анасы Рауан деген есім берді, ол жас қостанайлықтардың отбасындағы үшінші бала. Үйде үш жасар егіз әпкелері інісін күтіп отыр.
— Мұндай жүктілік мамандардан ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Баланың анасы БАҚ өкілдеріне аты-жөнін айтқысы келмеді, дегенмен перинаталдық орталық қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі, өзіне және ұлына қамқорлық танытқаны үшін алғысын білдірді, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Фотосуретте жаңа туған нәрестені Қостанай перинаталдық орталығының акушері Светлана Борисова көтеріп тұр.