Мерекеде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы наурыз айындағы мерекелердегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Мемлекеттік корпорация мәліметінше, халықаралық әйелдер күніне орай 8 және 9 наурыз күндері ХҚКО-лар мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні, 10 наурызда азаматтарды тек кезекші орталықтар сағат 09:00-13:00 аралығында қабылдайды.
Дәл осы жұмыс кестесі 25 наурызда да сақталады. Ал 21, 22, 23 және 24 күндері Наурыз мерекесіне байланысты ХҚКО-лар мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары демалады.
10 наурыз бен 25 наурыз күні жұмыс істейтін өңірлердегі кезекші орталықтар: