Жамбыл облысында 22 жастағы полицей өзіне оқ атты

0 132

Жамбыл облысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері жұмыс орнында өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

22 жастағы полиция сержанты қызметтік Макаров тапаншасын пайдаланып, өзін-өзі атып өлтірген. Полицейдің мәйіті Тараздан 5 шақырым жердегі бекеттен табылды.

Облыстық полиция департаменті қызметкердің өлімі туралы ақпаратты растады.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің жан-жақты болуына бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.