Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

0 103

Қайғылы оқиға 11 ақпан күні сағат 19:40-та Алматы-Ташкент тас жолының 203-ші шақырымында болған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Volkswagen Passat» жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен патрульдік көлікпен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарымен Қордай орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. 12 ақпанда Жамбыл облысы ІІД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.