Мемлекеттік төлқұжатты кімдерге тегін алуға болады
Шетелге шыққысы келетін кей қазақстандықтар мемлекеттік төлқұжатты тегін ала алады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Айталық, былтырғы жылы 102 мың азамат паспорт алу үшін төленетін баж салығынан босатылған.
Ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитеті Халықты құжаттандыру басқармасының аға инспекторы Айнұр Байгеленованың айтуынша, мемлекеттік құжатты алу үшін баж салығын төлемейтін азаматтардың санаты бар.
Салық кодексінің 622-бабына сәйкес:
— ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар;
— Кеңес одағының батырлары;
— Социалистік еңбек ерлері;
— Мүгедектігі бар азаматтар (барлық топ);
— Бала кезінен мүгедек болған азаматтың ата-анасының бірі;
— Қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
— Жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
— «Батыр Ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерінің иелері;
— Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтарға төлқұжат тегін беріледі.