Алдағы күндері елімізде аяз күшейеді

0 90

«Қазгидромет» синоптиктері 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

19 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді, қар, бұрқасын, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел күтіледі.

19-20 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсанда оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қатты қар жауады.

21 желтоқсаннан бастап Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады.

Түнде ауа температурасының еліміздің батысында 3-13-градус аяздан 5-18 градус аязға дейін, шығысында 10-26 градус аяздан 7-20 градус аязға дейін ауытқиды; қалған аумақтарда ауа температурасының түнде солтүстік-батыста, солтүстікте 10-20 градус аязға дейін, орталықта 13-25 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 7-13 градус аяз, таулы аудандарда 15-18 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.