Мұз фестивалі

0 35

Қытай кейінгі жылдары қысқы туризмді дамытуға кәдімгідей ден қойған. Соның арқасында көрші мемлекет 2030 жылға қарай 200 миллиард доллардан аса табыс табуды көздейді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қытайдың Харбин қаласында жыл сайын өтетін ерекше мұз фестиваліне қызу дайындық жүріп жатыр. Аталған іс-шараны көруге жыл сайын мыңдаған турист аймаққа ағылады. Биылғы фестивальде келушілер назарына 260-тан астам мұзды мүсін ұсынылмақ. Ол 1 миллион шаршы метр аумақты қамтиды. Айта кетейік, ауқымды іс-шара желтоқсан айының ортасында басталады.