Робот-шопан

0 128

Ақтаулық оқушылар Артем Ахмет­ханов пен Мәдина Абдулла төрт түлікті жоғарыдан бақылайтын робот-шопан ойлап тапты. «Кью Агро» деп аталатын құрылғы өзін-өзі қуаттап, адамның көмегінсіз ұша береді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Аталған дрон өрістегі төрт түлікті санап, түгендейді, ауырып тұрған малды анықтайды, тіпті отардан бөлініп қалған қойды тауып береді. Ең бастысы, бұл құрылғы кез келген ауа райына төтеп береді. Айта кетейік, инновациялық жоба жуырда ғана Қытайда өткен сайыста 1 500 стартаптың арасынан топ жарып, екінші орынды жеңіп алды.