Цифрлық Жібек жолы көрмесі өтіп жатыр

0 144

50-ден астам отандық компания өз өнімдерін Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ұсынды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Олардың ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдері, ауылшаруашылығы өндірушілерінің тауарлары бар. Сондай-ақ келушілердің назарына жаңа технологиялық әзірлемелер ұсынылды.

Мәселен, Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев аталған көрме отандық өнім өндірушілер қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты нығайта алатын бірегей алаң саналатынын атап өтті. Оған жыл сайын 300 мыңға жуық сатып алушы келеді.

«Биыл біз тауарларымызды «Азық-түлік және ауылшаруашылығы өнімдері»  павильонында ғана таныстырған жоқпыз, 2 есеге ұлғайтып, 50-ден астам отандық компанияларды әкелдік. Ассортименттің құрамына май өнімдері, сусындар, бал, тоқыма, ет өнімдері кіреді. Мұндағы басты жаңалық — біз алғаш рет коммерциялық павильоннан бірден онлайн сатуды қамтамасыз етеміз. Ұлттық павильон цифрландыру тақырыбына бағытталған. Іс жүзінде біз Цифрлық Жібек жолын көрсетеміз, технологиялық жетістіктерімізді ұсынамыз», деп атап өтті ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.