Франция Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары туралы қазақша жазба жариялады

0 140

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары жалғасып жатыр. Осыған байланысты Франция Президенті біздің  Мемлекет басшысының сапары терең достыққа бастайтын қадам екенін атап өтті, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Эмманюэль Макрон бұл ойын Х әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жария етті.

«Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос.

Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз», деп жазды Эмманюэль Макрон.