Доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 қазан күндізгі көрсеткішпен салыстырғанда 2,68 теңгеге өскен.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 487,81 теңге.
Ұлттық банктің 28 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 485,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,02 теңге.Еуро – 523,82.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 487,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 489,9 теңге. Еуро 527,5 — 531,5 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 487 теңге, сатып алу құны – 491теңге.
Еуро 525 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,98 – 5,10 теңге аралығында саудаланып жатыр.