Шымкентте алып сәби дүниеге келді

0 346

Шымкентте салмағы 6 келіден асқан алып сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Нәрестенің салмағы — 6,5 келі, ал бойы — 63 сантиметр.

Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлағандай, дәрігерлер жүкті әйелді операциясыз, яғни табиғи жолмен босандырып алған. Қазір баланың да, ананың да жағдайы жақсы. Ата-анасы оған Тәуекел деген есім берген.

Айта кетейік, Тәуекел — көпбалалы отбасының алтыншы перзенті.