Әлемдегі алғашқы 3D қонақүй

0 158

Техаста әлемдегі алғашқы 3D қонақ­үй жобасы басталды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

3D-басып шығару арқылы архитек­туралық нысандар салуға маманданған «Icon» компаниясы Техас шөл даласында El Cosmico деп аталатын ерекше кемпинг қонақүйін салуға кірісті. Әлемдегі алғашқы толықтай 3D-мен басып шығарылған қонақүй жобасы Марфа қаласының маңындағы 24 гектардан астам аумақта орналасады. El Cosmico қонақүйінің тұжырымдамасы «Bjarke Ingels Group» сәулет фирмасымен бірлесіп әзірленген. Қонақүй құрылысы 2026 жылы аяқталады.