Таеквандо чемпионы Нышан Өмірәлі өмірден озды

0 329

Пара таеквондо ұлттық құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нышан Өмірәлі қайтыс болды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қаралы хабарды Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы жеткізді.

«Нышан — Жамбыл облысының тумасы. Ол 17 жасынан спортпен айналысып, бүгінгі күнге дейін екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы, Азия ойындарының және басқа да халықаралық жарыстардың жүлдегері атанды. Токио-2020 және Париж-2024 Паралимпиада ойындарында өнер көрсетті», делінген хабарламада.

Марқұмның артында жары мен үш баласы қалды.