eGov-та жаңа қызмет пайда болды

0 380

Енді ел азаматтары eGov.kz порталында көрсетілетін қызметтің көмегімен банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін несиелер мен микрокредиттерді беруге тыйым салу 6 айға белгіленіп, мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде алынатын еді.

«Сервисті пайдалануға тек азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым салу мерзімсіз уақытқа қойылады. Сондай-ақ пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін eGov.kz порталында қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет», делінген хабарламада.

Қызметті алу үшін:

  • kz порталында авторизациядан өтіп, «Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;
  • Тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
  • Қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
  • Көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушы:

  • «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
  • «Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?» деген сұраққа «Иә» деп жауап беріңіз және қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қойыңыз.

Айта кетейік, сервис жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды жою құқығын бекітуді көздейтін заңнамалық актілерге түзетулер шеңберінде іске асырылған.