Бас прокурор Елдос Сметовті қабылдап, оған бағалы сыйлық табыстады

0 381

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бас прокуратурада дзюдодан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметовпен кездесу өтті, –  деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Құттықтау сөзінде Бас прокурор чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, оның отандық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті.

– Бас прокуратура басшылығы Олимпиада чемпионына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кездесу барысында Е. Сметов Бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен танысты.