Жаңа 10 мың теңгелік банкнот қашан айналымға шығады

0 482

Қазақстанда 2024 жылдың 28 маусымында 10 000 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Бұл ретте 10 000 теңгелік жаңа банкноттар шамамен 2024 жылдың қыркүйегінде жаппай айналымға шығады, өйткені еліміздің барлық аймақтарына жеткізу және жабдықты (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық жабдықтар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ұлттық банк жаңа дизайндағы 10 000 теңгелік банкноттың негізгі қорғаныш элементтері туралы айтты, бұл нақты банкноттарды жалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектеседі.

Банкнотада рельефті жасайтын арнайы баспа түрі – алтын интаглио қолданылады. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы алтын түсті металл бояудың жоғары рельефті қабатында бейнеленген.