Олимпиада жүлдегерлерінен Covid-19 анықталды: Президентпен кездесу кейінге қалды

0 182

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын қабылдау керек еді. Алайда бұл кездесу спортшылар мен бапкерлерден коронавирус инфекциясы табылғанына байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Өздеріңізге белгілі, Президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды», деп жазды Б.Уәли.

Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр.