Жантүршігерлік жол апатынан балалар қаза тапты

0 331

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты, оның бесеуі бала, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында (Хромтау ауданы) жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысқан.

Апат салдарынан «Toyota Ipsum» автокөлігінің жүргізушісі және оның жеті жолаушысы апат болған жерде қаза болды, оның ішінде бес бала бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар мен ата-аналар футболдан жарысқа басқа облысқа шыққан, — деді ЖПҚ басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.

Автокөлік салонында балалар ата-аналарымен бірге болған, олар да қаза тапты.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.