Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қанша сыйақы алады?
Қазақстан дзюдошысы Елдос Сметов Париж Олимпиадасында жеңгені үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Заңнамаға сәйкес, Олимпиада чемпионы 250 мың доллар (118 миллион теңгеден астам) алады.
Сонымен қатар күміс жүлдегерлер 150 мың доллар (71 миллион теңге), қола жүлдегерлер 75 мың доллар (35 миллион теңгеден астам) алады.
Сондай-ақ 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.
Айта кетейік, 27 шілдеде Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдегері атанды. Оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны айтылды.