Жол ақысын төлей алмаған жасөспірімдерді автобустан түсіруге тыйым салынады

0 121

Елімізде енді ата-анасыз жүрген балалар автобуста жол ақысын төлемесе де, жүргізуші одан түсіріп жібере алмайды, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің сайты.

Көлік министрлігі жыл басынан бері талқыланып келе жатқан заң өз күшіне енгенін мәлімдеді. Жанында ата-анасы жоқ 16 жасқа дейінгі жасөспірім жол ақысын төлей алмаса да, оны қоғамдық көліктен түсіріп тастауға тыйым салынады. 

Жүргізуші міндетті түрде полицияға немесе қамқоршылық-қорғаншылық органдарына хабарласуы тиіс. Олар баланың отбасылық жағдайын тексереді.