Еліміздің барлық облысында ескерту жарияланды

0 199

Бүгін республиканың барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Өңірлерде жел соғып, найзағай ойнайды. Ал кейбір облыста үсік жүруі ықтимал, деп хабарлайды «» ақпараттық агенттігі.

Ұлытау облысы. Күндіз Ұлытау облысының батысында оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Жетісу облысы. Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысы. Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы. Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысы. Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 24 мамырда кешке найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 24 мамырда кешке найзағай күтіледі, шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы. Түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады Атырау қ.: 24 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысы. Таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласы. Таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 24 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Астана. Астана қаласында 24 мамырда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады. 24 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы. Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы. Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 24 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Маңғыстау облысы. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда 24 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы. Түнде солтүстігінде, күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с. Павлодар қ: 24 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Абай облысы. Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы. Петропавлда 24 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысы. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда 24 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысы. Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 25 мамырда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады) жауады. 24-25 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығыс бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 24-25 мамырда түнде облыстың солтүстік-батысында 1-3 градус үсік күтіледі.