Алматының ботаникалық бағында сирек кездесетін өсімдік гүлдеді

0 591

Алматы ботаникалық бағының «Альпинарий» жабық учаскесінде Қызыл кітапқа енген сирек өсімдік — ақшыл сепкілгүл гүлдеді. Бұл гүл Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларында жиі кездеседі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ақшыл сепкілгүл лалагүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық жуашықты өсімдік.

Ботанкиалық бақтың баспасөз қызметі жазғандай, ақшыл сепкілгүлдің ұзындығы 15-80 сантиметрге дейін жетеді.

«Бұтақсыз сабағына жапырақтар кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Төменгі жапырақтары ланцет тәрізді, ал жоғарғы жапырақтары шоғырланып келеді. Ірі гүлі қоңырау тәрізді, дара немесе 2-6 гүлі бар иілген шашақ гүл шоғырына бірігеді. Гүл күлтесі сарғыш не ақшыл жасыл, ал оның ішкі жағында қоңыр-кызыл түсті дақтары бар», деп сипаттап өтті бақтың баспасөз қызметі.

Ақшыл сепкілгүл қытай, тибет және корей дәстүрлі медицинасында қолданылады.