Жеке куәліктің электрондық нұсқасын eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетуге болады

0 53

EGov mobile мобильдік қосымшасында жеке куәлікті электронды түрде алуға мүмкіндік беретін қызмет пайда болды, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы өзінің Facebook-тегі парақшасында. Электрондық құжат eGov mobile мобильді қосымшасына СМС арқылы немесе Электронды цифрлы қолтаңба арқылы кірген барлық пайдаланушыларына қолжетімді.

«Әрбір қазақстандық азаматтың өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы болмаса, оны QR-код арқылы электронды түрде ұсына алады», делінген хабарламада. Бұл мүмкіншілік «Веб-әзірлеушілер eGov mobile қосымшасының функцияларын іске қосуына байланысты мүмкін болып отыр.
«Енді құжаттарды рәсімдеу кезінде, мысалы нотариуста пайдаланушы өзінің электрондық жеке куәлігін eGov mobile қосымшасында көрсету қажет, одан кейін оған QR-код арқылы ашу функциясын пайдаланып қол жеткізу ұсынылады. Осылайша нотариус құжаттың шынайы екеніне көз жеткізе алады», деп атап өтті «ҰАТ»АҚ.

А. ЕРЖАНҰЛЫ,

ХҚК бойынша Тараз қалалық №4 бөлімінің басшысы.