Жамбыл облысында жалған мемлекеттік нөмір таққан мотоциклші жауапқа тартылды
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығы қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы көшелердің бірінде мотоциклді қорғаныш дулығасынсыз басқарып келе жатқан азаматты байқаған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ақпарат бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мотоциклді тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің көлікті басқару құқығы жоқ екені анықталған.
Сондай-ақ мотоциклге тағылған мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екені белгілі болды.
Құқықбұзушылықтар бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды. Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.