Үйренетін-ақ әдіс
Техас тұрғыны Рэнди Вагнер су тасқынынан құтылу үшін үйінің айналасына пластикалық тосқауыл қойып, айла тапқан деседі.
Ол көктем жақындағанда 120 метрлік пластикалық құбырды әкеліп, үйін қоршайды. Оны құм дорбаларымен нығайтады. Бұл қылығын көршілері түсінбей, дабыра да қылады. Бірақ қаланы су басқан кезде, Рэнди тасқыннан зардап шекпеген жалғыз адам болады. Апаттан қаладағы үйдің бәрі зардап шегіп, оның үйі ғана бүтін қалғанда, айналасындағылар қатты таңданған. Пластикалық құбырға 8 300 доллар жұмсаған ақылды жігіт – 150 000 мың доллар шығыннан аман қалған.
Тосыннан келетін бәледен үй иесі осылай құтылыпты. Рас, үкімет өзегіңді талдырмайды. Дегенменен өзіміз «бірдеңе» қылмасақ, тағы болмас…