Түркияда жол апатынан 22 адам зардап шегіп, 3 адам мерт болды

0 4

Түркияның Шанлыурфа провинциясында орын алған ауыр жол апатынан үш адам қаза тауып, 22 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі NTV арнасына сілтеме жасап. Оқиға 2 ақпан күні Мәскеу уақытымен сағат 22:00 шамасында Бирежик аймағында болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүк көлігінің тежегіші істен шығып, ол алдындағы бірнеше жеңіл көлікті соққан. Соның салдарынан көліктер Евфрат өзенінің үстіндегі көпірден құлап кеткен.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, апаттан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың барлығы Түркия азаматтары. Қайтыс болған екі ер адамның жеке басы анықталса, үшінші марқұм әйелдің кім екені анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жол полициясы, медицина қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп, апатқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.