Түркияда қонақ үйдегі өрттен 76 адам көз жұмды
Сейсенбіге қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүй отқа оранды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая өрттен қаза тапқандардың саны 76-ға жеткенін мәлімдеді. Бұған дейін ол 51 адам құрбан болғанын хабарлаған еді.
Өрт 12 қабатты (басқа деректер бойынша 11 қабатты) Grand Kartal қонақүйінде жергілікті уақыт бойынша 03:27-де басталған. Қонақүйде барлығы 234 қонақ болған.
Болу губернаторы Абдулазиз Айдын алдын ала мәлімет бойынша, өрттің қонақүйдің төртінші қабатындағы мейрамхана аймағында басталып, жоғарғы қабаттарға тарағанын айтты.
Айта кетейік, қонақ үй Болудың орталығынан біршама қашықтықта орналасқан.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.