Төрт қалада террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды

0 538

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Осыған байланысты Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қалаларында 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі алынып тасталынды.

«Күштік құрылым бөлімшелері штаттық режимдегі жұмысқа көшеді», делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб хабарламасында.