Қазақстанда «Астана» есімді 24 адам тұрады

0 510

Астана күні қарсаңында елімізде  «Астана» есімді қанша азамат тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше елімізде Астана есімді 24 адам тұрады. Өткен жылы елде осы есіммен 26 адам тіркелсе, олардың 9-ы 1998 жылға дейін дүниеге келгені белгілі болды.

Айта кетейік, Астана Қазақстанның елордасы болып жарияланған жылы 2 ұлға «Астана» есімі берілген еді. Сонымен қатар 5 адам − «Астанай», 6 адам – «Нұрастана», 3 адам – «Астанали» есімімен аталған. Сондай-ақ елде «Бәйтерек» есімді 40 адам тұрады.

Биыл елорда халқы қаланың жаңа мәртебеге ие болғанына 26 жыл толуын атап өтеді.