Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшщысы бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында:
- 4 еңбек ардагері;
- 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
- 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
- 6 кәсіпорын басшысы;
- 3 қоғамдық ұйым өкілі;
- 7 мемлекеттік қызметкер;
- 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.