Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

0 23

Сұлтан Қамалетдинов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген өкімде.

Бұл ретте, Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.