Телеграмм бот мессенжері

0 36

Біз ең қажетті анықтамаларды ХҚО-ға жүгінбей-ақ, Egov порталы арқылы алуды үйреніп қалдық. Бірақ ноутбук немесе компьютер болмағанда не істеуге болады?

EgovKzBot2.0 телеграм-боты осыған ұқсас жағдайлар үшін құрылған. Оның көмегімен сіз смартфон арқылы қажетті анықтамаларды ала аласыз. Қазір телеграм-бот арқылы 30-дан астам мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді – сотталмағандығы туралы анықтама, тіркеу туралы ақпарат, айыппұлдарды тексеру, зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме және басқалар. Сондай-ақ бот арқылы ХҚО-ға кезекке тұруға болады.

Ботты пайдалана бастау үшін смартфонға Telegram мессенджерін орнатыңыз және іздеу жолында @Kenes1414Bot деп енгізіңіз. Бот қызметтерін пайдалану үшін Сіз азаматтардың мобильді базасында тіркеліп, нөміріңізді ЖСН-мен байланыстыруыңыз керек. Содан кейін «старт» батырмасын басып, қажетті қызметті табыңыз.

Білген маңызды!

* Егер SMS-код алу бойынша қиындықтар туындаса, 1414 байланыс орталығына хабарласыңыз және ұялы телефоныңызды ауыстырғаныңыз туралы операторға хабарлаңыз.

* Телеграм-Ботта жаңа қызмет пайда болған кезде оны пайдалану үшін ботты қайта жаңарту қажет. Бұл мәзірдің «Тарихты тазарту» тармағын пайдаланып, содан кейін «Бастау» түймесін басу арқылы жасалады.

Телеграм-Боттың навигациясы ыңғайлы және түсінікті, анықтамаларды кез келген жерден алыңыз!

 

«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ»

Жамбыл облысы бойынша филиалының  Талас аудандық халыққа

қызмет көрсету бөлімі.