Тамыздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

0 115

«Қазгидромет» синоптиктері 1, 2 және 3 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Мамандардың мәліметіне сәйкес, елдің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жел күшейеді, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын күтілмейді.

«Елдің батысында күндіз ауа температурасы +31…+36 градусқа дейін көтеріледі, республиканың қалған бөлігінде температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі», дейді синоптиктер.