Су тасқынына байланысты 5 облыста жол жабылды

0 31

«ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы су тасқынына қатысты жағдай бойынша мәлімет берді, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 жол учаскесінде (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылған.

– 17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7575 метр болатын су тасқыны орын алды, – делінген хабарламада.

Қазір республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.