СУ — ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНІҢ БІРІ

0 47

Су біз үшін – ең үйреншікті және жай зат. Сол уақытта су өзінде көптеген жұмбақтарды жасырып тұрады.

Суды бір реттен көп қайнатуға болмайды, қайта қайнатқан жағдайда қатерлі ісік тудыратын диоксин, улы зат бөлінеді.

Ауыз су бірінші (асхана суы) және жоғары санатты болады.Бірінші санатты су – краннан алынатын қарапайым тазартылған су, сондай-ақ өндірілген жер үсті сулары.

Жоғары санатты су — оны ластанудан не­ғұр­лым қорғалған жер асты су көздерінен алады. Мұндай су да қауіпсіз. Бірақ қосымша критерий де бар  – жоғары санатты су организм үшін пайдалы. Ғылыми тілде айтатын болсақ – физиологиялық  жағы­нан толыққанды. Фтор, йод, калийдің бірлесуі  онда қазірдің өзінде бар немесе зарарсыздандырудан кейін енгізіледі.

Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет:

  1. органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы;
  2. адам ағзасына зиянды әсерлерді беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық мөлшерде болмауы;
  3. патогенді қоздырғыштардың, гельминт­тердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы.

Орталықтанған сумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі ауыз судың сапасына қойылатын талаптар санитарлық ережелер нормативті құжатында берілген. Осы стандартқа сәйкес ауыз су эпидемиологиялық және радиациялық тұрғыдан  қауіпсіз, химиялық құрамы бойын­ша зиянсыз және жағымды органолептика­лық қасиеттері болуы керек. Ауыз суда патогенді микроорганизмдер және гельминт­тер мүлдем болмауы тиіс. Олардың болуы сумен қамтамасыздандыру жүйесінде маңызды ақаулардың барын және ауыз су құбыры­ның канализация коллекторымен немесе өнеркәсіптік су жүйесімен тікелей байланысы барын көрсетеді.

 

У.Абубакирова,

Талас аудандық санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің жетекші маманы.