Синоптиктер желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

0 60

«Қазгидромет» синоптиктері желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Консультативтік болжамға сәйкес, қыстың алғашқы айында Қазақстанның басым бөлігінде қар, боран және екпінді жел күтіледі. Елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жаууы мүмкін. Елдің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ пен тұман жиі болуы ықтимал.

Бірінші онкүндіктегі температуралық фон келесідей болжанады: республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі сағаттарда -10-18°С-тан -3-10°С-қа дейін, күндіз 0,-8°С-тан -3+5°С-қа дейін ауытқиды.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -5+5°С-тан,   -1-8°С-қа дейін, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда -10-15°С, күндіз -5+5°С-тан +5+12°С-қа дейін ауытқу болжанып отыр.

Елдің батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде -1-8°С, Каспий жағалауында +3°С, күндіз +1+8°С. Онкүндіктің соңында күндіз ауа температурасының -5+3°С дейін төмендеуі ықтимал.

Солтүстік-батыс және Солтүстік антициклондардың әсерінен ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі де орын алады. Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасының ауытқуы жиі байқалады.

Еліміздің солтүстік жартысында түнде -18-23°С-тан -7-12°С-қа дейін, күндіз -4+1°С-тан -8-13°С-қа дейін. Желтоқсанның екінші жартысының жекелеген күндерінде ауа температурасы түнде -25-35°С-қа дейін, күндіз  -10-20°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнгі уақытта -7-18°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +3+12°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Желтоқсанның үшінші онкүндігінде жекелеген күндері аяз күшеюі мүмкін, түнде -15-22°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін.

Жалпы желтоқсан айында бүкіл ел бойынша температуралық фон климаттық норма шамасында, ал жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп болжанады (көпжылдық нормалар кестеде келтірілген).

Айта кетейік, бір айға арналған ауа райының консультативтік болжамы синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндік болжамдармен нақтыланады.