Синоптиктер Қазақстанда ақпанның алғашқы күндері жаңбыр жауып, көк тайғақ болатынын айтты
«Қазгидромет» РМҚ 1-3 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігі терең солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады, салдарынан жауын-шашын көп түседі.
Солтүстік өңірлерде қар жауса, оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұрқасын болып, жел күшейеді. Таулы аймақтарда қалың қар түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Тұман түсуі де ықтимал.
Батыс аймақтарда ауа температурасы түнде 5 градус аяздан минус 3 градусқа дейін жылиды.
Оңтүстік өңірлерде түнде минус 7-18 градусқа дейін күн суытуы мүмкін.