Шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтарына да зейнетақы төленеді

0 12

Енді шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтары да зейнетақы ала алады. Бұл туралы Конституциялық Сот арнайы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2026 жылғы 18 мамырда сот зейнетақы тағайындау мен төлемдерді тоқтатуға қатысты қолданыстағы заң нормаларын қараған. Заңнамада шетелге көшкен азаматтарға зейнетақы төлеуді тоқтату мүмкіндігі болған еді.

Зейнетақы алу құқығы адамның жасы мен азаматтығына байланысты болғандықтан, жаңа өзгерістерге сай Конституциялық Сот тұрғындардың мекенжайы зейнетақы алуға әсер етпеуі керектігін мәлімдеді.