Сенат спикеріне үкіметтің отставкаға кетуі туралы сұрақ қойылды

0 51

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа үкіметтің отставкаға кету ықтималдығына байланысты сұрақ қойылды.

2024 жылдың 7 ақпанында Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Сенат кулуарында палата спикері Мәулен Әшімбаев мәлім етті. Сондай-ақ, журналистер оған министрлер кабинетінің отставкаға кетуі күтіле ме деген сұрақ қойды.

«Біріншіден, мен мұндай сұрақтарға (жауап беруге) құзыретті емеспін және құзырлы емеспін. Бұл жерде қандай да бір пікір берсем, дұрыс болмайды. Жалпы, менің ойымша, үкімет белсенді жұмыс істеп, өз міндеттерін орындап жатыр. Әрине, сіздер, БАҚ жазып жатқан кемшіліктер бар. Жалпы, бүгінде Үкімет Мемлекет басшысы бастаған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін қажеттінің барлығын жасап жатыр. Парламент тарапынан, атап айтқанда, Сенат тарапынан біз қажетті құқықтық базаны жасаймыз», — деді Әшімбаев журналистердің сұрағына жауап бере отырып.