Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті

0 56

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісті.

Комиссияның баспасөз қызметі мәліметінше, 1 ақпанда Санкт-Петербургте 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.

«Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы — Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев», — делінген хабарламада.