Құқық бұзушылық жөнінде комиссия отырысы өтті

0 260

Жамбыл облысы, Меркі аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының төрағалығымен «Меркі ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық  профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның» отырысы өтті, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Комиссия отырысына Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Байболат Ерлан Бейсенұлы қатысты.

Күн тәртібінде алдымен аудан аумағындағы жөл көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар қаралды. Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Айдос Майнаусов баяндама жасады.

Жорабек Нұрмергенұлы құқық қорғау органдарының басшыларына ауданда жасалған қылмыстардың өсу себептерініне талдау жасап, нәтижесі бойынша келесі комиссия отырысына тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Комиссия отырысында пробация есебінде тұрған азаматтардың жұмысқа орналасу деңгейі туралы мәселе, сондай-ақ, «Меркі – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің  жұмысы қаралды.

Аудан әкімі пробация есебінде тұрған азаматтардың отбасылық жағдайына толыққанды талдау жасап, әлеуметтік бейнесін жасауды, оларды қоғамды мәдени іс-шараларға жұмылдаруды тапсырды.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеу мақсатында бөлімдер мен мекемелердің басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді.

Комиссия отырысын Ерлан Бейсенұлы қорытындылап, күн тәртібінде қаралған мәселелердің шешімін табу мақсатында, мүдделі мекемелердің бірлесіп жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.