Құлсары қаласында егіз ұл өмірге келді

0 210

Жем өзенінің тасқын суы басқан Құлсары қаласында егіз ұл дүниеге келді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Атырау облысы әкімдігінің ақпаратына қарағанда, нәрестелердің анасы Құлсары қаласындағы орталық ауруханасында босанған. Алайда, нәрестелер қауіпсіздік үшін жедел жәрдем көлігімен Маңғыстау облысындағы Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Егіз ұл – жас отбасының төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы – 52 см. Екеуінің салмағы бірдей емес. Біреуінің салмағы – 3500, екіншісінің салмағы – 3350 грамм», деп хабарлады облыстық әкімдіктен.