Қылмыстық істі электронды форматта қарауға рұқсат беріледі

0 59

Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша жаңа заң жобасында қылмыстық істі электронды форматта қарауға рұқсат беріледі. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Мәжіліс отырысында айтты, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі  «KAZINFORM» сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр.

Заң жобасының үшінші блогы қылмыстық процесті оңтайландыруға және қағазбастылықтан арылтуға бағытталған.

«Бұл бөлім қылмыстық істі әдепкі бойынша электронды форматта қарауға мүмкіндік береді. Ендігі кезде, қылмыстық процеске қатысушылардың пікірін ескеру қажет. Сондай-ақ, қашықтан беттестіру және жауап алу мүмкіндігін енгізу жоспарланып отыру, өйткені бүгінде тергеуші басқа аймақтардан да беттестіру үшін адамдардың келуін қамтамасыз етеді. Оған қоса, қашықтан жауап алу мен беттестіру субъектілерінің ауқымы кеңейеді. Осылайша, жәбірленуші және куәмен қоса, қорғалуға құқығы бар куә мен күдіктіге қатысты бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, аталған тергеу әрекеттерін жүргізуге болады», — деп түсіндірді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасында жәбірленушінің орналасқан жері бойынша – ақпараттық жүйе немесе Интернет желісі арқылы қылмыстық құқықбұзушылық жасалған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу мүмкіндігін енгізу көзделген.

«Интернеттегі алаяқтықты тергеуде қылмыстық құқықбұзушылық ашылмай, күдікті, куәгерлер анықталмай, тек жәбірленуші ғана болады. Қылмыстың әшкереленуі және іс-әрекетін анықтау орны көбінесе жәбірленушінің тұрақты жерімен сәйкес келмейді. Бұл жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнын айқындаудың неғұрлым ұтымды тәсілі жәбірленушінің орналасқан жері болады», — деді А. Есқараев.

Заң жобасын депутаттар мақұлдады.