Қостанайдан Алматыға ұшқан ұшақта жолаушы көз жұмды
Қостанайдан Алматыға бағыт алған FlyArystan әуекомпаниясы ұшағында ер адам өзін нашар сезіне бастаған. Осыған байланысты ұшақтың Астана әуежайына шұғыл қонуына тура келген, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Әуекомпанияның хабарламасында: «Командирдің шешімі бойынша ұшақ жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласы әуежайына шұғыл қонды. Стюардессалар әуежайға келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайы дәрігері жолаушының қайтыс болғанын айтты. Әуекомпания жолаушының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», делінген.