Қосшы мектебінің түлегі ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинады

0 149

Ақмола облысы Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 мектептің түлегі Айым Ержанова Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 балл жинады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Талапкер дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерінен тест тапсырған. Енді ол оқуын Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде екі шет тілі мамандығы бойынша жалғастырмақ.

Бұған дейін ҰБТ сұрақтарынан тағы бір түлек сүрінбей өткен еді. Ұлттық бірыңғай тестілеуде мүдірмеген талапкердің аты-жөні – Еңсебек Жаннұр. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылына қарасты №22 жалпы білім беретін орта мектептің түлегі.

Екі талапкерге қаржылай және басқа да сыйлық түрлері жасалды.

Ереже бұзған 400-дей түлектің ҰБТ нәтижеcі жойылды. «Талапкерлер бір сағат ұйықтады»: Қызылордада ҰБТ кезінде жарық сөніп қалды.