Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібіне өзгеріс енгізілді

0 23

Елімізде жүргізуші куәлігін автоматты көлікпен емтихан тапсырып алған азаматтарға қатысты шектеу жойылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Енді жаңа жүргізуші куәлігін алатын азаматтар механикалық немесе автоматты беріліс қорабы бар кез келген көлікті заңды түрде басқара алады. Бұған дейін автоматты көлікпен емтихан тапсырған жүргізушілердің құжатындағы «Ерекше белгілер» бөлімінде тиісті шектеу көрсетілетін еді.

Мамандардың айтуынша, бұл норма ескірген деп танылды. Өйткені Қазақстандағы автомобиль нарығында да, екінші нарықта да автоматты беріліс қорабы бар көліктердің үлесі басым.

Алайда бұрын берілген жүргізуші куәліктерінде мұндай белгісі бар азаматтарға жаңа өзгеріс бірден қолданылмайды. Олар құжаттарын жоспарлы түрде ауыстырғанға дейін тек автоматты беріліс қорабы бар көліктерді жүргізе алады.